Оралдық дзюдошы Фатима Сұпығалиева Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының алтын жүлдегері атанды, деп хабарлайды БҚО спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Фото: ҚР ҰОК
52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз жарыс жолын сәтті бастап, алғашқы белдесуінде Коста-Рика өкілі Химена Моралес Гамбоаны мерзімінен бұрын жеңді. Келесі кезеңде словакиялық Вивьен Вадовицованы қапы қалдырып, финалға жолдама алды.
Шешуші белдесуде португалиялық София Гаспармен кездескен Фатима қарсыласынан басым түсіп, жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанды.