1.10.2019, 16:22
Оқылды: 302

Федоровка ауылындағы 5 көше күрделі жөндеуден өтуде

Тағы үш көшеге қаржы бөлінбек. Бұл туралы бүгін БҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Теректі ауданы әкімі Әділ Жоламанов айтты.

zhol-2-768x512

- Орал-Орынбор, Самара-Шымкент тасжолдары аудан аумағы өтеді. Теміржол ауданның жан-жақпен қатынасын қамтамасыз етеді. Облыстағы жалғыз әуе порты да біздің ауданда.

Осының бәрі біздің транзиттік әлеуетімізді қалыптастырып отыр. Логистика болмаса, бизнес жоқ, инфрақұрылым болмаса, даму жоқ. Бұл дәлелдеуді қажет етпейтін айқындық.

Біз транспорттық тасымал дәлізі бойындамыз. Бұл бәсекелестіктегі біздің басымдығымыз.

Қазір аудандағы тасымал мен жолаушы қатынасының басты көзі – автомобиль жолы. Аудандық маңыздағы жолдардың үш бағыты бойынша конкурс жариялап, мердігерлерді анықтап қойдық. 232,794 млн. теңге бюджет қаржысына Ақсуат ауылына кірер жолды күрделі жөндеуден өткіздік.

«Ақжайық» шипажайына кірер жол орташа жөндеуден өтуде. Мердігер ресайклинг тәсілімен 6 шақырымды жөндеді. Қазір асфальт жабыны салынып, жол жанын бекітілуде. Подстепное-Федоровка-Ресей Федерациясы шекарасынан Алғабас бекетіне дейінгі 19 шақырым жолды қайта жаңғыртып, ауылішілік жолдарды жөндеу жұмысын жүргізіп жатырмыз. Аудан орталығындағы Абай, Достық, Центральная, Горький және Юбилейная көшелерінің жалпы ұзындығы 6 шақырым жолы күрделі жөнделуде. Ақжайық, Рабочая, Молодежная көшелерінде құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлу жоспарда бар, - деді Әділ Жоламанов.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале