18.03.2024, 11:15
Оқылды: 12

Ғасыр күмбезі

Ерте заманнан жеткен көне архитектуралық ескеріткіштің бірі Қарахан дәуірінде тұрғызылып, кейін ХV ғасырдың басында ақсақ Темірдің бұйрығымен жаңалап салынған Ахмет Иассауи кесенесі еді.

Түркістан

Фото: madeniet.art

Ахмет Иассауи кесенесінде исламға дейінгі салт-сана түрі мен ислам дінінің талаптары шебер бейнеленіп, жарасымды салтанат құрған деседі. Күмбездің диаметрі 41 кез, айналасы 130 кез. Кесененің ені 46,5 м, ұзындығы 62,5 м. Кесенеде әр қилы мақсатқа пайдаланылатын 35 бөлме қаланған екен.

Күмбездің кіндік орталығы кеңейте салынып, онда алпыс шелек су сиятын үлкен қазандық орнатылады. Күмбездің сыртқы қабаты көк таспен қапталып, дәл орталықта Ахмет Иассауидің құлыптасы орнатылған.

Бұл кесене халық өнерінің біздің заманымызға дейін жеткен ғажайып туындыларының бірі, олардың ішінде әсіресе алып қазанды, күміспен қапталған құйма шырағдандарды, бас қақпа мен әсем тұтқалары бар оюлы-өрнекеті есіктерін айтуға болады.

Кесененің барлық сыртқы қабырғасы жауын-шашынға төзімді күйдірген құйма қышпен қапталғандықтан жылдың төрт маусымындағы табиғаттан қорғалып ғасырларға жалғасып бүгінге жеткен.

Зұлқожа Шарафутдинов,

 zhaikpress. kz

(«Салт-дәстүр сөйлейді». Хрест. анықтама. А. 2017 жыл)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале