15.09.2022, 16:45
Оқылды: 93

Головкин-Канело жекпе-жегі тікелей эфирден көрсетіледі

«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары Головкин-Канело трилогиясын тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20

18 қыркүйек күні Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) IBF және WBA бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек өтеді. Бокс әлемінде жылдың басты жекпе-жегі саналған трилогияны «Qazaqstan» және «Qazsport» арналары тікелей эфирден көрсетеді.

Жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақытымен 18 қыркүйек күні сағат таңғы 05:00-де басталады.

Боксшылар бұл кездесуде екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын сарапқа салады.

 

Фото: boxingscene.com

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале