31.05.2023, 17:15
Оқылды: 58

Гүл шоқтары қойылды

Бүгін – жалпы ел бойынша Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні аталып өтілуде. Осы атаулы датаға орай, Орал қаласындағы Мұнайшылар гүлбағында орнатылған ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

ce2a4079-a417-4198-a643-6caef2016ce3
Шараға Орал қалалық білім саласының, БҚО Қазақстан Халқы Ассамблеясының өкілдері, мектеп оқушылары қатысты. Қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова бұл күннің маңыздылығын атап, Алаш қайраткерлерінің өмірін өскелең жастарға үлгі етті.
– ХХ-ғасырдағы саяси қуғын-сүргін – мыңдаған жазықсыз жанның қаны мен көз жасына жуылған тарихтың шерлі беттерінің бірі. Біз бүгінгі өміріміз үшін елінің бірлігі мен болашағы үшін күрескен, тар жол, тайғақ кешкен қайсар бабаларды ешқашан ұмытпауымыз қажет, – деп жас ұрпақтың алдында тарихи естеліктерді сақтау міндеті тұрғанын жеткізді.

a48cc64a-3ce6-410b-8849-90d56cb15b4d
Сондай-ақ қиын қыстау кезеңде ата-анасымен бірге депортацияға ұшыраған, тоқсан жасты алқымдаған корей ұлтының өкілі, Орал қаласының құрметті азаматы Григорий Те, БҚО корейлер ассоцияциясының төрайымы Бэлла Тю дархан пейілді қазақ жұртына алғысын жеткізді.

Ардагер Григорий Антонович ынтымағы жарасып, түрлі ұлыстың басын қосқан қастерлі қазақ топырағы бейбітшіліктің қара шаңырағына айналған ерекше екпінмен атап өтті.

7d528694-7fb0-4d24-945d-28d97e4b80f4
– Қоғамның тұтастығы қай кезде де ішкі татулық пен берекеден бастау алған. «Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол – бірлік» демекші, ел басына күн туған замандарда менің қандастарымды сақтап қалған жергілікті халықтың мейірімі. Қазақстандағы барша ұлыс көңілі даладай дархан қазақ жұртына ризашылық сезімін білдіреді, – деді ақсақал.
Шарада Орал қаласы білім бөлімі мен БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы және оқушылар гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
Бұл күні барлық мектептерде саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбаны боолған азаматтардың есімін ұмытпау һәм оларды мәңгі есте сақтаумақсатындағы тәрбие сағаттары өткізілді.

Эльмира Нұғман,

Орал қаласы білім бөлімінің

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале