21.08.2024, 10:30
Оқылды: 203

Ғұсман Қырғызбаев: «Олимпиададан соң күреске деген шабытым қайта ашылды»

Дзюдодан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев өзінің спорттағы мансабына қатысты ойын бөлісті, деп хабарлайды Olympic.kz.

9F3E66BF-6CD0-417D-A6F2-13C15925FA6A

Фото: Тұрар Қазанғапов / Olympic.kz

«Шынымды айтсам, Олимпиададан кейін күреске деген шабытым ашылды. Кішкене демалған соң, ірі додаларға қайта дайындала береміз. Олимпиада медалі мен үшін аса құнды медаль. Орны ерекше.

Олимпиадалық ауылда тұрған соң, жүлдегер атанғаным қатты білінбеген. Өйткені, бәрі медаль алып жатыр ғой. Елге оралған соң, халық  сый-құрметін көрсетуде. Қазақстан дзюдо тарихында атым қалып, кішігірім ерлік жасағанымды енді түсініп жатырмын», - дейді ол. 

Айта кетелік, Ғұсман Қырғызбаев 66 келі салмақта Олимпиаданың тұғырына көтерілген болатын. 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале