20.09.2026, 17:30
Оқылды: 7

Ғылымға 60,4 млрд теңге: 2027 жылы қандай жобалар қаржыландырылады?

2027 жылы білім және ғылым саласына 60,4 млрд теңге бөлініп, студенттерге жатақхана салынады және ЖОО тәмамдаған жастарды жұмыспен қамту көрсеткіші артады. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы мәлім етті, деп хабарлайды qazaqparat_kz

Ақша JP 33

— Студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін жатақханаларда қосымша 25 мың орын қосылады. Түлектерді жұмысқа орналастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, ЖОО бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасатын түлектердің үлесі 79%-ға дейін өсуге тиіс, — деді Абзал Бейсенбекұлы.

Сондай-ақ 2027 жылы ғылымдағы жаңа жобалар топтамасына 60,4 млрд теңге көзделген, бұл 2026 жылмен салыстырғанда 18,4 млрд теңгеге артық.

— Осылайша, адами капиталға жұмсалатын шығыстар — бұл жай ғана әлеуметтік шығыстар емес. Бұл мемлекет тарапынан адамның өмір сүру сапасын арттыруға бағыттайтын тікелей шығыстар, — деді Қаржы вице-министрі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале