20.09.2026, 14:30
Оқылды: 4

HR Enbek жүйесі: 310 мыңнан астам электронды еңбекке жарамсыздық парағы жіберілді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек қатынастары саласындағы цифрлық шешімдерді дамытуды жалғастыруда.

IMG_20260920_022309_848_edit_152303078186483

Фото: enbekgovkz

2024 жылдан бастап HR Enbek жүйесінде жұмыс істейтін «Аурухана парақтары» сервисі қызметкерлер мен жұмыс берушілердің жұмысын едәуір дәрежеде жеңілдетті. Денсаулық сақтау министрлігінің жүйелерімен интеграцияланған бұл құрал арқылы азаматтар уақытша жарамсыздық туралы мәліметтерді қағаз жүзінде тасымалдамай, онлайн түрде тапсыра алады.

​Сервисте аурухана парағын PDF форматында қарау және жүктеп алу мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар құжаттың түпнұсқалығын тексеру үшін арнайы QR-код қолданылады.

Бүгінгі таңда бұл мүмкіндікті пайдаланған жұмысшылар жұмыс берушілерге барлығы 310 187 электрондық аурухана парағын жолдаған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале