13.04.2023, 9:16
Оқылды: 46

ІІМ-де тергеу бөліністерінің басшыларын оқыту курстары басталды

Ішкі істер министрлігінде тергеу бөліністерінің басшыларын оқыту курстары басталды. Оқытудың мақсаты – мемлекетте жасалатын қылмыстардың 90%-дан артық бөлігі тергелетін полицияның аумақтық бөліністерінде тергеу жұмысының тиімділігін арттыру. Өйткені қылмыстық құқық бұзушылықтарды тез және толық тергеу, кінәлі адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауапкершілікке тарту ең алдымен тергеушінің сапалы жұмысына байланысты. Бұл туралы аталмыш министрлік хабарлады. 

e9505373bd813b93c7500ea475b9422a_1280x720

Министрліктің жетекші тергеушілерімен өтетін сабақтардан басқа шебер жедел қызметкерлері, криминалистер, көші-қон қызметінің қызметкерлері еліміздің әртүрлі өңірлерінен жиналған тергеу бөліністерінің басшыларымен бір апта ішінде кездесіп, өз жұмысының ерекшеліктері мен тергеумен өзара іс-қимыл жасасудың тәжірибесімен бөліседі.

ІІО жүйесінде 269 аумақтық бөліністің бар екенін атап өту қажет. Бұл полиция департаменттері, басқармалары, бөлімдері, онда 5 мыңға жуық тергеуші мен анықтаушы қызмет етеді. Бұл ретте олардың ¼ бөлігінің жұмыс тәжірибесі үш жылдан артық емес.​

Осы себептен ІІМ тергеу департаменті қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманың, сондай-ақ басқару дағдылары мен еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру тұрғысындағы новеллаларын ескере отырып, қылмыстық істерді тергеу, электрондық форматта, бейнеформатта тергеу бөлігінде оқытуды өткізіп жатыр. ​Осыған қоса оқыту барысында Қоғамдық қауіпсіздікті азаматтық қоғаммен серіктестікте қамтамасыз етудің тұжырымдамасында баяндалған ІІМ қызметінің негізгі бағыттары түсіндіріледі.

Жергілікті жерлерде практикалық жұмысты жетілдіру мақсатында тергеу департаменті орта буындағы басшылар күн сайын тап болатын, оның ішінде қылмыстық процестің үш буынды моделі төңірегінде туындайтын анағұрлым өзекті проблемалы мәселелерді, жүйелі кемшіліктерді анықтайды.

Оқыту жылдың соңына дейін жалғасады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале