25.09.2024, 17:15
Оқылды: 174

ІІМ: «Қара нарықта құны 20 млн теңге болатын мефедрон тәркіленді»

Жетісу полициясы қара нарықта құны 20 млн теңге болатын мефедронды тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция ЖП (жаңа фото)

«Қарасора-2024» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жетісу облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы басқармасының қызметкерлері сәтті жедел-іздестіру шараларын өткізді. Облыс прокуратурасымен бірлесе Талдықорған қаласының 34 жастағы тұрғыны есірткі таратқаны үшін ұсталды.

Күдікті Toyota Yaris автокөлігін тексеру барысында ұсталды. Тексеру барысында көліктен ерекше иісі бар ақ заттың қапшығы табылды. Сараптама қорытындысына сәйкес, жалпы сомасы бір келі алынған зат мефедрон синтетикалық есірткісі болып шықты.

Тәркіленген заттың нарықтық құны 20 миллион теңгеге бағаланады, бұл қара нарықтағы екі мың дозаға тең.

Есірткіні анықтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, күдікті қамауға алынды. Полиция есірткі заттарын өндіру, сақтау, тасымалдау және аса ірі мөлшерде өткізу сияқты заңсыз әрекеттері үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салады.

Есірткі қылмысы қоғамға зиян келтіріп қана қоймай, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеледі. Полиция азаматтарды сергек болуға және есірткіге қатысты күдікті әрекеттер туралы хабарлауға шақырады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале