Конституцияның негізі - азаматтың құқығы
24 Мамыр 2022

Конституцияның негізі - азаматтың құқығы

Референдум еліміздің болашағын айқындайды
24 Мамыр 2022

Референдум еліміздің болашағын айқындайды

Министр мектеп асханаларына қатысты төрт проблеманы атады
24 Мамыр 2022

Министр мектеп асханаларына қатысты төрт проблеманы атады

Қазақстанда карантин кезінде бала туу көрсеткіші жоғарылады
24 Мамыр 2022

Қазақстанда карантин кезінде бала туу көрсеткіші жоғарылады

Қазақстанда отасқанына 20 жылдан асқан 6 мыңнан аса жұп ажырасқан
24 Мамыр 2022

Қазақстанда отасқанына 20 жылдан асқан 6 мыңнан аса жұп ажырасқан

Ревакцинациядан өтуі тиіс адамдар санаты кеңейтілді –қаулы
24 Мамыр 2022

Ревакцинациядан өтуі тиіс адамдар санаты кеңейтілді –қаулы

ІІМ сенім телефондары:  17 хабарлама полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне қатысты болды

ҚР Ішкі істер министрлігінің сенім телефондары азаматтардың өтініштерін қабылдайды. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

201231204009490a3736372i

Ведомство деректерінше, министр Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасы бойынша азаматтарға өз құқықтарын қорғау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, туыстарын іздеуге байланысты мәліметтер беру, сондай-ақ полиция қызметкерлеріне көмек көрсету үшін құрылған өзіндік қауіпсіздік бөлімшелерінің колл-орталықтары және ІІМ сенім телефоны (14-02 немесе 71-41-09) жұмысын жалғастыруда. Әрбір өтініш мұқият қаралып, заңды шешім қабылданады.

«Аумақтық бөлімшелер басшыларының азаматтарды апта сайын қабылдауы жолға қойылып, фронт-офистерінің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілді. Бір тәулік ішінде сенім телефондарына 124 хабарлама келіп түсті, оның 107-сі консультативтік-анықтамалық сипатта болды. 17 хабарлама полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне, оның ішінде қоңырау шалушылардың туыстарын іздеу және ұсталу себептеріне қатысты. Құзыреттілікке сәйкес әрбір жағдай бойынша түсініктемелер берілді. Алматы, Атырау, Семей, Шымкент, Алматы облысы Шелек кентінің тұрғындары құқық қорғау органдары ұстаған туыстарының орналасқан жерін анықтау туралы өтінішпен жүгінді», - деп атап өтеді министрліктен.

Таратылған ақпаратқа қарағанда, прокуратура органдары ұстаған үш адамға қатысты ҚР ҚК-нің 272-бабы (Жаппай тәртіпсіздік) бойынша, оның ішінде біреуі ҚР ҚК-нің 380-бабымен (Қызметкердің өміріне қол сұғушылық) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, олар соттың санкциясымен қамауға алынғаны анықталды. Іздеудегі екі адам дүкендер тонады деген күдікке ілінді. Оларға қатысты ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігі (Ұрлық) бойынша іс тергелуде. Өтініш берушілерге туған-туысқандарының орналасқан жері хабарланды және тиісті түсініктемелер берілді.

«Қызылорда тұрғыны ұлының қазасы туралы мәлімет сұрады. 7 қаңтарда белгісіз біреулер автокөлікті мас күйінде басқарып, тәртіп сақшылары мен жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндірген. Олардың жол ережесін өрескел бұзып, жасырынып қашуға тырысып, заңды талаптарға бағынбағаны анықталды. Қызметкерлер әуелі әуеге ескерту оғын атып, содан кейін көліктің артқы дөңгелектерін ату арқылы тоқтатуға тырысты. Оқиға барысында жүргізуші жарақат алып, жолаушы көз жұмды. Бұл іске қатысты облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеуді бастады», - деді ведомстводан.

Министрлік мәліметінше,бірқатар азамат ұялы телефондарын тартып алуға байланысты шағымданды. ҚР ҚК-нің 272-бабы (Жаппай тәртіпсіздік) бойынша жүргізілген сотқа дейінгі тергеу аясында көптеген телефондар тәркіленгені анықталды. Екі жағдай бойынша өзіндік қауіпсіздік бөліністері тексерулер жүргізеді. Өскемен қаласындағы тергеу изоляторындағы туысқанымен қысқа мерзімді кездесуге рұқсат берілмеуіне байланысты түскен шағым тексерілді. Тексеру барысында бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін ҚАЖ мекемелерінде кездесулер уақытша шектелгені анықталды.

Алматы тұрғыны полиция қызметкерлері Ақсай-3 шағын ауданындағы дүкен жертөлесінің есігін сындырды деп шағымданды. Бұл шағымды тексеру барысында 297-бап бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде (Есірткі құралдарын заңсыз дайындау) жертөледен белгісіз химиялық заттар табылып, олар бойынша сараптама тағайындалғаны анықталды. Аталған қылмысты жасады деген күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта оның үстінен тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

ІІМ сенім телефоны жұмысы жалғасуда, оның нәтижелері жұртшылыққа үнемі хабарланады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале