17.08.2022, 15:30
Оқылды: 85

Илон Маск "Манчестер Юнайтедті" сатып алу туралы мәлімдемесі әзіл екенін айтты

Америкалық кәсіпкер, әлемдегі ең бай адамдардың бірі Илон Маск "Манчестер Юнайтед" футбол клубын сатып алу жоспары туралы қауесетті жоққа шығарды.

Кәсіпкер Twitter-де футбол клубын сатып алу ниеті туралы өзі жариялаған жазбаға пікір қалдырды.

"Бұл Twitter-дегі ескі әзіл. Мен ешқандай спорт командасын сатып алмаймын", - деп жазды ол.

Фото ©REUTERS

Осылайша, ол АҚШ-тағы ішкі саяси жағдайға қатысты өз көзқарасын білдірген тағы бір твиттерге сілтеме жасаған.

Айта кетейік, Маск Twitter-парақшасында "Манчестер Юнайтедті" сатып алу жоспары туралы жазған болатын.

"Манчестер Юнайтед" - траффордтық (Үлкен Манчестерде) футбол клубы. Ол 1878 жылы құрылған. Forbes команданың құнын 4,6 миллиард долларға бағалаған.

tengrinews.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале