30.01.2023, 9:00
Оқылды: 98

Иманым – байлығым, жаулығым

Кеше Ережеп айының құрметіне орай ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің бастамасымен “Әйел-қыздар” секторының ұйымдастыруымен “Иманым – байлығым – жаулығым” атты дін мен дәстүрді ұштастырған, Алланың әмір еткен жаулығын насихаттау мақсатында рухани-танымдық шара өтті. 

IMG-20230130-WA0002

Шараға Күләш Қуанышқалиева Қуатқызы басқаратын “Қазақ Аналары – Дәстүрге Жол” Республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының мүшелері Азиза ханым және Күнсұлу ханымдар кимешек тарихы жайлы баяндап берді. Облысымыздың намысын республика көлемінде қорғап жүрген тігінші, дизайнер Фатима Абдулова ханым кимешек ораудан шеберлік сағатын көрсетті.

IMG-20230130-WA0017

Исламтану магистрі, хафиз, 2 қырағат иджаза иегері, Құран тәпсірі маманы Бақытгүл Байгазиева Өтегенқызы “Орамалдың шариғи үкімі” жайында Құран тәпсірінен уағыз-насихат жүргізді.

IMG-20230130-WA0009

Шара соңында келушілер арасынан әдемі киінген қыз-келіншектерді іріктеп, жамағаттың дауысқа салуымен “Ең үздік бейне” аталымына Айтолқын Құлжанова ие болды . Осы кешке деп барлық киім, әшекейін өз қолымен жасаған жеңімпазымызды арнайы дипломмен, сыйлықпен марапаттадық. Барлық қатысушыларымызға ынталандыру сыйлықтары берілді.

IMG-20230130-WA0015

Шараны жоғары деңгейде өткізуге ат салысқан “Қазақ аналары - Дәстүрге жол” ұжымына, Фатима Абдулова мен Бақытгүл ұстазымызға алғысхат пен сыйларымызды табыстадық.

IMG-20230130-WA0013

Осындай игі шаралар көптеп бола берсін деген тілектеміз.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале