23.12.2019, 11:33
Оқылды: 513

Индустрияландыру – экономика игілігі

Экономиканы әртараптандыруды және оның шикізат экспортына тәуелділігін азайтуды негізгі мақсат еткелі елімізде индустрияландыру бағытындағы бағдарла-маларға барынша басымдық берілді. Осы мақсатта елімізде үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың 2010-2014 жылдарға, артынан 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламалары қабылданды. Нәтижесінде нақты стратегиялық жоспарлар бекіп, межелі міндеттер белгіленді. Бастысы, индустрияландыру бағдарламасы өңдеу секторының дамуына оң әсерін тигізді.

indus

БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Құланбаевтың айтуынша, облыстағы өңдеу өнеркәсібі саласында еңбек өнімділігі биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында адам басына шаққанда 8,4 мың АҚШ долларын құрап, 10,8%-ға  артқан.

– Облыста индустрияландырудың бірінші және екінші кезеңінде қабылданған шаралар өңдеу өнеркәсібінде оң қарқынды сақтауға ықпал етті. Биылғы жылдың 10 айлық қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі саласында өндіріс көлемі 10,5%-ға ұлғайды. Бұған машина жасау саласында 1,3 есеге, металлургия саласында 1,5 есеге, дайын металл бұйымдары өндірісі саласында 1,8 есеге өндіріс көлемінің артуы ықпал етті. Жалпы алғанда, биылғы жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 215 млрд. теңгені құрап, 3%-ға ұлғаяды деп күтілуде және  өнім түрлерін кеңейту, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды модернизациялау, жаңа өндірістерді енгізу арқылы қамтамасыз етіледі, – дейді Мақсат Мейрамғалиұлы.

Маманның айтуынша, бұл саланы әрі қарай дамыту мақсатында жаңа өндіріс орындарын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2018-2022 жылдарға арналған өңдеу өнеркәсібін цифрландыру бойынша жол картасы шеңберінде тоғыз жоба іске қосылған.

Нұрбек Оразаев

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале