29.11.2022, 20:29
Оқылды: 201

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов: БҚО-да қылмыстық ахуал тұрақты

БҚО-ға жұмыс сапарымен келген ІІМ Марат Ахметжанов бүгін осылай деді. «Атамекен» өнер ордасында халықпен кездесу өткізген министр жалпы БҚО бойынша қылмыстық ахуалдың тұрақты екенін, соның ішінде алаяқтық, зорлау, қарақшылық шабуыл секілді фактілердің азайғанын байқап отырмыз деп атап өтті.

19C09A77-6012-482E-9B05-383E9DE6DD6C

Бұл ІІМ-нің БҚО-ға алғашқы сапары. Сондықтан болса керек, «Атамекен» өнер ордасының залы адамға лық толы болды.

Алдымен министр атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады.

Министр Марат Ахметжанов былай деді:

«Сіздің облыстың негізгі ерекшелігі – қылмыстардың  көбі қала орталығында тіркеледі. Тіркелген қылмыстардың 70 пайызы қала орталығында болған.  Ал, аудандық жерлердегі қылмыстар саны төмендеп отыр. Атап айтсақ, Ақжайық ауданына қарасты Сарытоғай ауылында соңғы екі жылда бір де бір қылмыс тіркелмеген. Осындай жақсы үрдісті көбейту керек».

министр

Өкінішке орай бәрі жақсы емес. Мәселен, Ішкі істер министрі Марат Мұратұлы БҚО мал ұрлығы бойынша республикада "үздік" үштікке кіреді деп атап өтті.

зал0

Біздің облыста биыл 137 мал ұрлығы тіркеліп, 500-дей бас мал ұрланған.

Министр Ахметжанов өз сөзінде мал ұрлығы қазір ауыр қылмыстар санатына жататынын және мал ұрлығымен айналысқандар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылатынын атап өтті.

Мал ұрлығына ерекше көңіл бөлген Марат Ахметжанов  БҚО ПД бастығы Махсудхан Аблазимовке осы саладағы күресті күшейту туралы тапсырма берді.

бриф1

Өз баяндамасында Марат Ахметжанов  нашақорлықпен күрес , ұрлық, көше қауіпсіздігі, браконьерлікке  қатысты атқарылған жұмыстар туралы да айтты.

зал3

Біздің аймақта жол апатымен күрес  күрделі проблемалардың бірі болып тұрғанын бәріміз білеміз. Министрмен кездесу барысында қойылған сұрақтардың көбі осы жол апаттарына, жүргізушілердің тәжірибесі мен тәртібіне қатысты болды.

Марат Ахметжанов жалпы облыстағы жол апаттарына қатысты мәселенің өте қиын жағдайда екенін, қаладағы жүргізушілердің көлік жүргізу тәртібіне көңілі толмағанын, бірер сағаттың ішінде бірнеше жол ережесін бұзған көлік жүргізушілерін байқап қалғанын тілге тиек етті.

БҚО бойынша биылғы жылы 262 жол- көлік оқиғасы тіркелген. Жол ережесін бұзуға қатысты 196 мың факт анықталыпты.

«Бүгінде 7 қалада «Қорғау» қосымшасы жұмыс істеп жатыр. Бұл жүйе жалған нөмірлі машинаны, жылдамдық асырған көлікті, іздеудегі және айыппұлы бар көліктерді дереу көрсетіп тұрады. Планшет арқылы полицияға сол көлік кетіп бара жатқан жерден сигнал түседі. Полиция соның көмегімен жол ережесін бұзғандарды дереу тоқтатып, анықтай алады», - деді министр Марат Мұратұлы.

Бұл жүйені облысқа әкелу үшін БҚО әкімдігімен арнайы сөйлескенін де атап өтті.

ІІМ министрі Марат Ахметжановтың баяндамасынан кейін халық министрге сұрақтарын қойды.

бр2

брифинг

Кездесу соңы журналистермен өткен брифингке ұласты.

Жанат Көшкінбай,

Суреттерді түсірген: Гүлмира Сәрсенғалиева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале