29.11.2021, 11:05
Оқылды: 82

Ислам - әлем чемпионы

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Орал қаласындағы №19 жалпы орта білім беретін мектептің 6-сынып оқушысы Ислам Қабдоллов әлемдік чемпионатта үздік нәтиже көрсетіп, ел қоржынына алтын медаль салды.

WhatsApp Image 2021-11-28 at 16.48.14 (1)

Ислам Қабдоллов дәл қазіргі уақытта Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан батуттық гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 11-12 жас ерекшелігінде Қазақстан құрамасы атынан акробатикалық жолда секіруден жарысқа шығып, нәтижесінде жоғары 31.100 балды қанжығалады. Осылайша, әлем чемпионы атанып отыр.

Ислам Есенгелдіұлы 2009 жылы 16 желтоқсанда Орал қаласында дүниеге келген. Орал қаласындағы №19 мектептің 6-сыныбында оқиды. Оқу үлгерімі жақсы, қоғамдық шараларға белсене қатысады.

5 жасынан №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде гимнастикамен шұғылданып келеді.

Әкесі Есенгелді Айсағалиев самбодан өңірге белгілі спорт шебері, анасы Айжан Мұсабекова да гимнастикадан спорт шебері, облысымызға танымал гимнастика бапкері. Осындай спортшылар отбасында дүниеге келген Ислам да дәстүрді жалғастырып, чемпион атанды. Жаттықтырушысы - Альберт Тілепқалиев.

Қалалық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале