17.05.2022, 17:14
Оқылды: 108

Испанияда екі пойыз соқтығысып, 85 адам зардап шекті

Испанияда жүк және жолаушылар пойызы соқтығысып, салдарынан машинист мерт болды, 85 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Independent-ке сілтеме жасап.

C5FB6D30-68CE-4A03-851A-AAAAC613A153

Апат кешкі уақытта Барселонадан 15 шақырымдай жерде орналасқан Каталонияда болған. Калий тиеген жүк пойызы Испанияның солтүстік-шығысындағы Сан-Бой-де-Льобрегат стансасына кірген кезде рельстен шығып кеткен. Содан кейін вокзалдан шыққан жолаушылар пойызының алдыңғы жағына соқтығысқан.

Испания билігінің хабарлауынша, төтенше жағдайлар бригадасы жолаушылар пойызынан 100-ге жуық адамды эвакуациялауға көмектескен. Машинист көз жұмды, екеуі ауыр жарақат алды, қалғандары жеңіл жарақат алған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале