16.09.2021, 15:06
Оқылды: 128

«JaiyqFilmFest» кинофестивалі басталды

Бүгін Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков «JaiyqFilmFest» Халықаралық қысқаметражды және деректі фильмдер кинофестиваліне келген қонақтармен кездесті.

WhatsApp Image 2021-09-16 at 14.53.38

WhatsApp Image 2021-09-16 at 14.53.36 (1)

Іс-шараға Қазақ КСР еңбек сіңірген артисі, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, театр және кино актрисасы Меруерт Өтекешова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кино және театр актрисасы, «Серпер» сыйлығының лауреаты Алтынай Нөгербек, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 71-ші Канн халықаралық кинофестивалінің «Үздік әйел рөлі» аталымының және «Ника» Ұлттық киноматографиялық сыйлығының иегері Самал Еслямова, режиссер, сценарист, Қазақ Ұлттық Өнер университеті «Киноөнер және телевидение» факультетінің доценті Ерлан Нұрмахамбетов, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ вице-Президенті, режиссер, продюссер Айдар Баталов, кино актрисасы Дариға Бадықова, қоюшы оператор, деректі фильмдер режиссері Қазақ Ұлттық Өнер университеті «Киноөнер және телевидение» факультетінің доценті Талғат Тайшанов, продюссер, деректі фильмдер режиссері Айгүл Черендинова, актер, әнші Олжас Абай, продюсер, сценарист, клипмейкер, режиссер Жеңісхан Момышев, медиаменеджер, продюссер, «Qaiyr Foundation» қорының директоры Алпамыс Шәрімов қатысты.

WhatsApp Image 2021-09-16 at 14.53.37 (1)

Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков фестиваль қонақтарына ризашылығын білдіріп, сыйлықтар тарту етті.

WhatsApp Image 2021-09-16 at 14.53.37
- Жастар фильмді ерекше түсіреді. Олар киносыз өмір сүре алмайды. Көзқарастары да басқа. Маған театр да, кино да жақын. Кино – ғажайып әлем. Қазір білімді, талантты жастарымыздың фильм түсіруіне мүмкіндік мол. Осы кинофестиваль режиссерлар мен әртістер үшін үлкен тәжірибе болатынына сенемін,- деді «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Меруерт Қаратайқызы.

WhatsApp Image 2021-09-16 at 14.53.36 (2)
Іс-шара Х. Бөкеева атындағы қазақ драма театрында жалғасты. Театрда Меруерт Өтекешова, Самал Еслямова, Дариға Бадықова, Алпамыс Шәрім, Талғат Тайшанов өңір журналистерімен кездесіп, аталмыш кинофестиваль және қазақ киноматографиясындағы жаңалықтар жайлы сөз қозғады. Медиаменеджер, продюссер Алпамыс Шәрімовтің айтуынша, Орал қаласы әкімдігі және «Qaiyr Foundation» қоры ұйымдастырған «JaiyqFilmFest» Халықаралық қысқаметражды және деректі фильмдер кинофестиваліне Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Әзірбайжан, Грузия, Тәжікстан, Франция, Беларусь елдерінен 100-ден астам кино қабылданған. Сонымен қатар, өзіміздің жергілікті кинорежиссерлер де фестивальге қатыспақ. Фестиваль аясында режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовтың «Конокрады» фильмінің тұсауы кесіліп, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен ашылған «Жас толқын» республикалық киножурналының таныстырылымы өтетін болады.

Марлен Ғилымхан,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале