16.03.2022, 16:30
Оқылды: 45

Кадр іріктеу: Жоғарғы сот кеңесінің конкурстық рәсімдеріне онлайн трансляция жасалады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында сот рәсімдерінің ашықтығын арттыру үшін қандай шаралар жасалғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

191113173842531e

«Мен Прокуратура және Адам құқығы жөніндегі уәкіл туралы Конституциялық заңдар қабылдау қажет деп санаймын. Бұл құжаттар заң тәртібін күшейтуге және құқық қорғау қызметін ұдайы жетілдіру үшін қажет. Барлық деңгейдегі соттар шын мәнінде тәуелсіз, ашық және кәсіби болмаса, заң үстемдігін қамтамасыз ету мүмкін емес. Мемлекет осыған орай ауқымды жұмыс жүргізуде. Кадр іріктеудің жаңа жүйесі енгізіліп, сот үдерісі мен рәсімдерінің ашықтығы біртіндеп арта түсуде», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл ретте Президент Жоғарғы сот кеңесі маңызды рөл атқаратынын айтты. Осы құрылым Президенттің соттарды жасақтау жөніндегі Конституциялық өкілеттігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, судьялардың тәуелсіздігіне және оларға ешкімнің қол сұқпауына кепілдік береді.

«Кеңестің қызметі қоғам үшін толық ашық болуы өте маңызды. Бұған Жоғарғы сот кеңесінің конкурстық рәсімдеріне онлайн трансляция жасау арқылы қол жеткізуге болады. Сонымен қатар, мұндай конкурстардың қорытындыларын нақты дәлелмен түсіндіріп, жариялап отырған жөн», - деді Қ.Тоқаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале