7.12.2022, 11:45
Оқылды: 58

Қай өңірде жемқор полицей көп?

Осы жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысында ішкі істер органдарының 123 қызметкері жемқорлық ісімен ұсталған. Бұл былтырғыдан 12,1 пайызға төмен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

4

Finprom.kz порталының дерегінше, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған ішкі істер органдары қызметкерлерінің жартысына жуығы пара алу кезінде ұсталды: 61 қызметкер, былтырғыдан 7 пайызға көп.

Тағы 33,3 пайызы сыбайлас жемқорлыққа қатысты алаяқтықпен қолға түсті: 41 адам, бір жылда бірден 24,2 пайызға көбейген.

8 адам қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін, 7 адам пара беру кезінде, 2 адам билігін немесе лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны, пара алуға делдалдық жасағаны, сондай-ақ қызметте әрекетсіздігі үшін ұсталды.

Өңірлер бойынша сыбайлас жемқорлыққа жол берген шенеуніктердің — ішкі істер органдары қызметкерлерінің басым бөлігі Алматыда (бір жыл бұрынғыдай 15 адам) және Түркістан облысында (15 адам, бір жыл бұрын 6 адам болған) тіркелді.

Одан кейін Солтүстік Қазақстан (14 адам), Ақтөбе (11 адам) және Қарағанды (10 адам) облыстары тұр.

Ішкі істер органдарындағы жемқорлар еліміздің 20 өңірінің 17-сінде бар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале