8.02.2024, 17:45
Оқылды: 17

Қайтарылған ел мен жер

Барақ хан шамамен 1423-1428 жылдары Ақ Орданы билеген. Орыс ханның немересі, Құйыршық ханның ұлы Барақ өз тұсында ең беделді хандардың бірі болған.

жп дала

Барақ тұсында Ақ Орданың территориясы Сырдарияның төменгі ағысынан Арал теңізіне дейінгі аралықта, солтүстікте Жайық өзенінен Тобыл өзеніне дейін, ал солтүстік-шығыста Ертіс өзеніне дейін созылып жатты.

Хандыққа қолы жеткен Барақ хан Мауреннахр билеушісі Темірдің немересі Ұлықбектен бұрын атасы Орыс ханның қол астында болған қалаларды қайтаруды талап етеді.

Осылайша 1427 жылдың басында Сығанақ түбінде Ұлықбек пен Барақ хан әскерлері арасында кескілескен ұрыс болады. Жеңіліске ұшыраған Ұлықбек әскерлері Самархан қаласына дейін ығыстырылады. Осы ұрыстан кейін Сығанақ қайтадан Орыс хан тұқымдарының ордасына айналады.

Алайда Барақ ханның Сығанақта отырып билік құруы ұзаққа бармайды келесі 1428 жылы Моғолстан сұлтаны Махмудқа қарсы шайқастың бірінде Барақ хан қаза табады.

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

 («Қазақтар». Энциклопедиялық анықтамалық. А. 2003 ж)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале