30.03.2020, 17:10
Оқылды: 118

"Қайырымдылық керуені" жалғасын тапты

 Орал қаласы тұрғындарының әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған "Біз біргеміз" ұранымен "Қайырымдылық керуені" акциясы аясында БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Еріктілер қозғалысы орталығының бастамасымен қайталама акция өткізілді.

A2C1A2DE-872A-4139-8691-8111675163BF

Акцияның басты мақсаты - жалғызбасты қарияларды, ҰОС қатысушыларын, тыл еңбеккерлерін және қаланың мүмкіндігі шектеулі балаларын бірінші қажеттіліктегі азық-түлікпен, сондай-ақ антисептикалық құралдармен, дәрі-дәрмек,  медициналық маскалармен қамтамасыз ету және жеткізу болатын.

6B7B732C-AEFF-4F36-8822-98AA1D941D3D

Акцияны, сондай-ақ қаланың ірі кәсіпкерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, "Жаңғыру жолы" жастар қозғалысының волонтерлары және "BIRLIK", "Uralsk Runners" жүгіру әуесқойлары клубы, "Достық" қазақ-вайнах клубы қолдап әкетті.

Сондай-ақ акцияға қаланың белгілі сауда кәсіпорындары белсене қатысты. "Белес-Агро" ЖШС, "Желаев КХП" АҚ, "Батыс Күнбағыс" АҚ, "Суровский" дүкені өз өнімдерін ұсынды. "Матевосян "ЖШС мен армян этномәдени бірлестігі 100 келі ұн, 50 келі макарон бөліп, азық-түлікпен көмектесті. "Достық" қазақ-вайнах клубының, шешен-ингуш қоғамының мүшелері онкологиялық ауруларға 800 дана маскалар таратып, 10 литрлік антисептик құралдармен қамтамасыз етті. Ұйғыр қоғамы тәттілерді ұсынса, "Uralsk Runners" жүгіру әуесқойлар клубы парацетомол, ацетил қышқылы, аскорбин қышқылының 120 орамын табыстады. Ильяр Муталипов "Creative" агенттігімен, ұйғыр қоғамымен бірлесіп, жарнамалық макеттер жасап, басып шығарды. "Жаңғыру жолы" жастар қозғалысының жетекшісі Макатов Дулат 30 литр бензин мен дәрі-дәрмек, 20 дана буып-түю пакеттерін, 40 келі тәтті нан-тоқаш өнімдерін, 5 дана ҰОС ардагерлеріне арналған медициналық дәрі қобдишасын үлестірді.

74472CB0-EADE-44FD-9DE7-186455AE0AFB

Акция аясында еріктілер БҚО ҚХА-ға тиесілі 6 автокөлік және бір "Газель" автокөлігіне "БІЗ БІРГЕМІЗ" логотиптерін жапсырды. 25 адам атаулы әлеуметтік көмек алды.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале