17.09.2022, 14:23
Оқылды: 379

Қала күнінде үздіктер марапатталды

Оралда биыл Қала күнін тойлау бірнеше күнге жалғасып, ерекше шаралар өтуде. Дина Нұрпейісова көшесі бойындағы арбатта «Қала күні» мерекесіне орай «Сапалы өнім – 2022» азық-түлік өнімдерінің, қолөнершілердің «Ақжайық шеберлер қаласы» атты көрмесі және «Гүлдер фестивалі» өтті.

орал (2)

Дәстүрлі «Сапалы өнім» көрмесіне өңір бойынша 15 кәсіпорын мен жеке кәсіпкер қатысты.
Көрмені аралаған қала әкімі Миржан Сатқанов жергілікті кәсіпкерлердің өнімдерімен танысып шықты. Қалалықтарды мерекемен құттықтап, бизнес өкілдерін марапаттады.
- «Сапалы өнім» жәрмеңкесі дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан белсене қатысып жатқан кәсіпкерлерге алғысымды білдіремін. Экологиялық таза өнім өндіріп, нарыққа шығарудасыздар. Елдің экономикасының өркендеуіне қосып отырған үлестеріңіз өте зор, - деді қала әкімі.

орал (6)
Марапатталғандар арасында «Желаев астық өнімдері комбинаты» АҚ, «Балзия», «Нұржанар», «Орал құс фабрикасы», «Фирма Родник», «Агрофирма «Ақас», «Орал сүт зауыты», «Колбасы Приуралье» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «Белес» компаниялар тобы, «Валиев», «Антипов В. М.», «Каверина С. В», «Омаров Р.Е.», «Талецкий О. В.» жеке кәсіпкерлігі, «KAZKON» Орал кондитерлік фабрикасы бар.

орал (1)
«Қала күні – 2022» мерекесіне арналған «Ақжайық шеберлер қаласы» жәрмеңкесін ұйымдастырған қолөнершілер мен «Гүлдер фестивалін» ұсынған қаладағы гүл дүкендерінің иелеріне де алғысхат берілді.
Мерекеге орай өткен «Сүйікті қалам – Оралым!» қылқалам шеберлері байқауы да қорытындыланды. Суретші Бекжан Ахмедирұлы І орынға ие болса, Нұрбек Екпінұлы ІІ орын, Нұрбол Ерболұлы ІІІ орыннан көрінді.

Динара Насыр,

Суретке түсірген: Альфия Шамаева, Гүлмира Сәрсенғали
zhaikpress.kz

IMG-20220917-WA0108

IMG-20220917-WA0109

IMG-20220917-WA0111

орал (7) орал (4) орал (3) орал (6)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале