19.03.2023, 22:30
Оқылды: 46

Қала тұрғындарыңың 45% сайлауға қатысты

Орталық сайлау комиссиясының ресми дерегі бойынша кешкі сағат 19:00-де БҚО тұрғындарының 59,1 %-ы сайлауда дауыс беріп үлгерген.

IMG-20230319-WA0497

Кейбір тәуелсіз байқаушылардың мәлімдеуінше, аудандағы және облыс орталығындағы халықтың сайлауға атсалысуы белсенді болған.
Дегенмен, бірқатар байқаушы өздерінің facebook парақшаларына Орал қаласындағы халықтың сайлауға қатысуы 43-45 %-ға жуықтағандығы туралы жазба қалдырған. Сайлаушылардың саяси науқанға қатысуы туралы бірнеше байқаушы легі пікір білдірген. Барлық сайлау учаскелерінде болған байқаушылардың пайымдауынша, сайлау қалыпты өткен. Сайлау комиссиясы байқаушылардың жұмыс процесіне ешқандай кедергі келтірмеген.
Әлеуметтік желідегі пікірлерден аудан, ауыл тұрғындарының қалалықтардан белсенділігі басым екендігі де көрінеді.
Нақты көрсеткіштерді қорытынды ақпараттан білеміз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале