21.04.2021, 15:40
Оқылды: 181

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында еңбек ұжымындағы мәселелер айтылды

2021 жылдың 21 сәуірі күні Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы тарапынан бастау алған «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы «Батыс су арнасы» ЖШС қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымында өтті.

IMG-20210421-WA0017-01

Еске сала кетейік, еліміздегі ең ірі еңбек ұйымдарының бірі – Кәсіподақтар федерациясы 2021 жылды – Бастауыш кәсіподақ ұйымының жылы деп жариялаған болатын. Кәсіподақтар федерациясының басшылығы атаулы жыл аясында ұйымдастырылған «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы шеңберінде өңірлердегі ірі өндірістік және мемлекеттік мекемелерінде ашылған бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен онлайн кездесіп, еңбек ұжымының өзекті мәселелерімен, жұмысшылардың ұсыныстарымен танысуда.

Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығының төрайымы Айгүл Есекенова алғаш болып сөз алып, шараға қатысушыларды таныстырды.

Онлайн кездесуге ҚР Кәсіподақтар федерациясының төраға орынбасары Гүлнара Жұмагелдиева, ҚР Парламенті Мәжілісіне Батыс Қазақстан облысынан сайланған депутат Мәлік Құлшар, «Құрылыс комплексі және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ төрағасы Құсейін Есенғазин, «Батыс су арнасы» ЖШС қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Азиля Иликпаева, Орал қаласы әкімінің кеңесшісі Әділбек Қадыров пен кәсіпорында жұмыс істейтін кәсіподақ мүшелері қатысты.

кә

Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Азиля Мирәліқызы өз сөзінде кәсіпорындағы кәсіподақ ұйымының 1962 жылдан бері жұмыстанып келе жатырғандығын тілге тиек етті.

Бүгінгі таңда өндірістік мекемеде 843 жұмыскердің бар екендігі, оның ішінде 818-і кәсіподаққа мүше екендігін айтты.

Сонымен қатар, ұжымдық шартқа сәйкес кәсіпорын қызметкерлері үшін берілетін әлеуметтік кепілдіктер мен жеңілдіктерге тоқталып, кәсіпорындағы келісім комиссиясы мен өндірістік кеңестің жұмыстары туралы баяндады.

Кездесу барысында еңбек ұжымы тарифке тәуелді төмен жалақы мәселесін ортаға салып, еңбек инспекторларының өкілеттіліктері мен жауапкершілігін күшейту ұсынысын және техникалық инспекторлардың оффлайн негізде оқытылу қажеттігін жеткізді.

«Батыс су арнасы» ЖШС құрылтайшысының өкілі, Орал қаласы әкімінің кеңесшісі – Әділбек Жәнібекұлы өндірістік кәсіпорындардағы ескірген техникаларды жаңарту мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатырғандығын хабарлады.

Шара соңында ҚРКФ төрағасының орынбасары Гүлнар Амангелдіқызы еңбек қатынастарына қатысты айтылған мәселелер мен ұсыныстардың орынды екендігін атап, қазіргі таңда Халықаралық шеңберде ірі келісімдер мен жұмыстардың оңтайлы жүргізіліп жатырғандығын жеткізді.

Облыстық кәсіподақтар орталығының төрайымы Айгүл Оразқызы шара қатысушыларына белсенділіктері үшін алғысын білдіріп, өз сөзін: «Кәсіподақтар федерациясының басты миссиясы – еңбек адамын қорғау болатын болса, оның іс жүзіндегі дәлелі – ҚР Кәсіподақтар федерациясының 2020-2025 жылдарға арналған стратегиясы», - деп қорытындылады.

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале