20.10.2021, 9:53
Оқылды: 60

Қандай балаларда коронавирус ауыр жүреді?

Ресейдің еңбек сіңірген дәрігері, медициналық қызметкерлерге арналған қашықтықтан оқыту сервисінің жетекші ғылыми редакторы Михаил Каган коронавирус жұқтырған созылмалы ауруы бар балаларда ол өте ауыр жүретінін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

17

Созылмалы аурулары бар балаларға, әсіресе бронх демікпесі, қант диабеті, семіздік, туа бітті иммундық бұзушылық, мүшелері трансплантацияланған балаларға қауіп төнетінін есте ұстаған жөн. Әдетте, оларда ауру ауыр жүреді әрі асқынулар жиі болады, - деп хабарлайды gazeta.ru Каганның сөзін келтіріп.

Сонымен қатар, аутоиммунды аурулары бар немесе шала туылған нәрестелерге де қауіп төніп тұр, - дейді медицина ғылымдарының кандидаты, педиатр Ольга Горячева.

Көбінесе иммунитеті әлсіреген, иммуносупрессивті препараттармен немесе аутоиммунды аурулары бар, респираторлық патологиясы бар балалар, шала туылған нәрестелер жан сақтау бөліміне түседі, - деп сөзін қорытындылады дәрігер.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале