ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, үміткерлер электронды сынақтан өтіп, қазақ тілінен тест тапсырады.

Фото: istockphoto.com
«ҚАЗТЕСТ екі блоктан тұрады: тыңдалым және аудио. Әр блок бойынша кемінде 70 пайыз дұрыс жауап беру қажет. Тиісті баллды жинаған жағдайда, 2-этапқа — анкета толтыруға өте алады. Анкетада үміткер өзінің жеке мәліметтерін енгізеді: еңбек өтілі, мамандығы және жақын туыстары туралы ақпарат болған жағдайда барлығын толық көрсетеді», - дейді Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Назерке Тасқұлова.
Осы кезеңдердің барлық ұпайын қосқанда кем дегенде 600 ұпай жинау қажет. Содан кейін мемлекеттік органдардың қарауынан өтіп, сұхбаттасады. Осылайша, сынақтардан сүрінбей өткен азаматтарға қандас мәртебесі беріледі.
Солтүстік Қазақстан облысына жыл басынан бері 129 қандас көшіп келген. Көбі көршілес Ресей, Қытай, Моңғолия мен Өзбекстаннан қоныс аударды. Жалпы биыл өңірге 58 отбасы келеді деп жоспарланып отыр.