31.05.2022, 16:45
Оқылды: 139

Қант тапшылығы жоқ

Орал қаласындағы дүкендерде қантты жаппай сатып алу жағдайлары орын алуда. Тіпті әлеуметтік желіде шаһардағы «Алтындар» супермаркетінде қант алу үшін кезекке таласқан тұрғындардың видеосы тарады. Осы жағдайды пайдаланған алыпсатарлар кей дүкендерде бір келі қанттың  бағасын 700 теңгеге дейін  қымбаттатып жіберді. Ірі супермаркеттер шекерді тәулігіне шектелген мөлшерде адам басына екі келіденғана беруге мәжбүр. «Тәттіге» талас дүрбелеңінің тууына қандай жағдай түрткі болды? Облыста қант тапшылығы мәселесі бар ма? Осы сауалдарға жауап іздеп, «Дина» гипермаркетіне барған едік.

924510BB-136D-46A5-9E01-3C63F48E7140

 

– Сауда желілерінде қантты жаппай сатып алу әлі де азаймай тұр. Бұл дүрбелеңнің негізгі себебі бұрын «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚөңірдегі көтерме сауда желілеріне шекердің келісін 323 теңгеден сатқандықтан, дүкен сөрелерінде 370 теңгеден қойылған еді. 21 сәуірден бастап қантты Ресейден экспорттауға тыйым салынды. Соның салдарынан көтерме сауда желілері қанттыотандық өндірушілерден сатып ала бастады. Отандық зауыттар шекердің келісін 450 теңгеден сатуда. Оған заңға сәйкес 15 пайыз сауда үстемесі қосылады. Яғни сауда сөрелеріне 515 теңгеден сатылымға шығарылады.  Облыс тұрғындарына қант жетеді. Алматы облысындағы Көксу қант зауытынан алты вагон шекер алу үшін тапсырыс бердік. Оның біреуі кеше өңірімізге жетті. 1-3 маусым аралығында үш вагон қант жетуі тиіс. Қалғаны да көп кешікпей зауыттан тиеледі. Сондай-ақ өңірдегі  көтерме сауда желілері мен базарлар, супермаркеттер үшін қосымша тағы алты вагонға тапсырыс бердік,– деді БҚО кәсіпкерлік және индустиалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Сүлейменов.

5DD2CA35-D377-4BD9-97F5-8E5254A93783

«Дина» гипермаркетінің директоры Алмагүл Өтениязованың  айтуынша, соңғы екі айда тұрғындар қантты жаппай сатып ала бастаған. Тіпті гипермаркеттің сөрелеріне шығарылған 100-200 келі шекер 15-20 минутта сатылып кететін сәттер болыпты. Сондықтан қазір бір адамға екі келі ғана қант сатылуда. Соның өзінде күніне екі-үш тонна шекер сатылатын көрінеді.

66F838C2-B48C-4F38-B4D7-495DE110D091

Өңірімізде қант қоры жеткілікті. Енді оны отандық зауыттар өндіретіндіктен, дүрбелеңге салынып, жаппай сатып алудың қажеті жоқ.

B36B2ACA-CEC4-4FD1-AE38-B28D3ED538FA

                                                                     Гүлсезім Бияшева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале