5.01.2023, 11:30
Оқылды: 48

Қаңтар оқиғасы: Бір офицер тірідей жанып кетті

Қаңтар оқиғасында құқық қорғау күштері тек арнайы құралдарды қолдануға тырысты. Бұл туралы ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Мәжілісте айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2

«Тәртіпсіздікке қатысқан көп адамды тоқтатуға құқық қорғау күштерінің мүмкіндігі болмады. Оның үстіне, қызметкерлердің басым бөлігінде қару болған жоқ. Олар соңына дейін тек арнайы құралдарды – су атқыштар, резиналық таяқшаларды қолданды. Бірақ сол уақытта жүздеген тәртіп сақшылары жараланған еді, оның ішінде оқтан жарақат алғандар да болды. Ал бір офицер қалалық әкімдікте болған өртте тірідей жанып кетті», - деді Берік Асылов Мәжілістің бүгінгі отырысында.

Айта кетейік, қаңтардағы шабуылды тойтару кезінде, төтенше жағдай мен антитеррористік операция барысында 238 адам қайтыс болды. Оның ішінде 41 адам бұрын сотталған.

Бір күнде 8 облыстың әкімдігіне шабуыл жасалған.

Сондай-ақ, Б. Асылов қаңтардағы тәртіпсіздікке 35 жасқа дейінгі адамдар көп қатысқанын айтты.

Фото: Reuters

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале