22.11.2023, 14:45
Оқылды: 43

Қар тазалауға коммуналдық мекеменің 350 қызметкері жұмылдырылған

Бүгін қалада алғашқы қар түсіп, «Жайық Таза қала» коммуналдық мекемесі қар тазалауға кірісті.

орал кар

Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, таңертең 20-ға жуық арнайы техниканың көмегімен қала көшелеріне құм-тұз қоспасы себілген.

Арнайы техникалар қала көшелерін қардан тазалады.

Алдыңғы кезекте магистралдық және қоғамдық көлік жүретін көшелер қардан тазартылады.

Жалпы қар тазалауға коммуналдық мекеменің 80 техникасы мен 350 қызметкері жұмылдырылған.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале