2.07.2020, 16:38
Оқылды: 188

Карантин талаптарын бұзған қазақстандықтар айыппұл төлейтін болды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов карантин режимін бұзғандарға айыппұл салынатынын айтты.

44F138BE-B04B-46A4-AEF5-D5C0F4B50937

«Карантиндік режим мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке жеке тұлғалар 30 айлық есептік көрсеткішке (1 АЕК - 2778 теңге / 30 АЕК - 83 340 теңге), ал кәсіпкерлік субъектілері 230 АЕК-тен (638 940 теңге) жоғары сомаға тартылады. Тиісті нормативтік-құқықтық акті осы аптада қабылданады», - деді Е. Тоғжанов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде.

Бүгін Мемлекеттік комиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекіткен болатын. Оған сәйкес, биылғы 5 шілдеден бастап елімізде 14 күнге бірқатар шектеу шараларын енгізу шешімі қабылданды. Айта кетейік, Еуропа елдері коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген шектеу шараларын жеңілдетуді жалғастыруда. Еуропада инфекцияның таралу деңгейінің азаюына қарамастан, көптеген мемлекеттің билік органдары азаматтардан бұрынғыдай маска киюді және қоғамдық орындарда әлеуметтік қашықтықты сақтауды талап етеді. Ережені сақтамағандарға айыппұл салынады.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале