24.11.2021, 10:10
Оқылды: 113

Каратэ шито-рюден чемпионат басталды

Орал қаласындағы «Жекпе-жек» спорт кешенінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай каратэ шито-рюден балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

WhatsApp Image 2021-11-24 at 09.19.01 (1)

WhatsApp Image 2021-11-24 at 09.19.02 (1)

 

Іс-шараға облыс әкімі Ғали Есқалиев, каратэ WKF-тен Қазақстан Республикасының бас жаттықтырушысы Асқар Молдағали, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің БҚО бойынша департаментінің бастығы Еркін Хабиев, Киокушинкай-кан каратэ республикалық ұлттық федерациясының БҚО филиалының президенті, Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Әлібек Қадырбеков, облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов және Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков қатысты.

WhatsApp Image 2021-11-24 at 09.19.03 (2)

Өңір басшысы Ғали Есқалиев ел чемпионатының қатысушыларына сәттілік тілеп, жеңіс тұғырынан көрінулеріне тілектестік білдірді.

WhatsApp Image 2021-11-24 at 09.19.05

Чемпионатта бағы мен бабын сынап, ел чемпионы деген атақты жеңіп алу үшін еліміздің барлық өңірінен келген спортшылар мен төрешілер таныстырылды.

WhatsApp Image 2021-11-24 at 09.19.06 (1)

Каратэшілердің кәсіби біліктілігін шыңдау, дарынды спортшыларды іріктеу, бәсекеге қабілетті палуандарды ұлттық құрама командаға енгізу мақсатында ұйымдастырылған чемпионатта 14 облыстан келген 500-ге жуық спортшы бақ сынауда. Қараша айының 25-і күні доданың қорытынды іс-шарасы өтіп, жеңімпаздар марапатталатын болады.

WhatsApp Image 2021-11-24 at 09.19.03 (1)

WhatsApp Image 2021-11-24 at 09.19.03

Марлен Ғилымхан,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале