25.08.2020, 17:00
Оқылды: 1

KASE: Доллар арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.

2020052211165873663_f5252b54caf1a19fc369b47fa9339e66
Сейсенбі күнгі сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 24 тамыз кешімен салыстырғанда 1,41 теңгеге құлдырап, 1 доллар үшін 418,07 теңгені құраған. Ұлттық банктің 25 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 419,48 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 419,15 теңге, сатып алу – 417,54 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 419,16 теңгеден болса, ал сатып алу – 417,95 теңгені құрайды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале