5.09.2020, 12:59
Оқылды: 413

"Қасиетті Қазақстан" ғылыми-зерттеу орталығының мамандары батысқазақстандық өлкетанушылармен кездесті

Бүгін Орал қаласындағы "Рухани  жаңғыру" музейінде "Қасиетті Қазақстан" ғылыми-зерттеу орталығының "Қазақстанның заманауи мәдениетіндегі қасиетті кеңістік: дәстүр мен жаңашылдық" жобасы аясында дөңгелек үстел өтті.

8eb4cfd7-0ce8-49ea-ab71-e2b4365598fc

Қазақстанның ұлттық мәдениетінің дамуындағы өзекті мәселелерді заманауи көзқараспен талқылауды мақсат еткен бас қосуға өлкетанушылар қатысты. Дөңгелек үстелді "Қасиетті Қазақстан" ғылыми-зерттеу орталығының бөлім басшысы Анар Екимбаева жүргізіп отырды.

"Қасиетті Қазақстан" ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері Батыс Қазақстан облысындағы қасиетті нысандарды аралап, зерттей келген. Дөңгелек үстелде олар жергліікті өлкетанушылармен осы нысандарды зерттеудегі мәселелер, келешекте қай бағытта жұмыстану қажеттігін талқылады.

-Біз Батыс Қазақстан өлкесіндегі бұрыннан белгісіз болып келген қасиетті нысандар жайлы жақсы деректер алдық. Бүгінде қасиетті нысандардың географиясы кеңейіп, археологиялық қазба ескерткіштер мен әулие-әнбиелер жерленген жерлерден бөлек халықтың тарихи жадысында сақталған өзге де нысандарға мән берілуде. Мысалы, қуғын-сүргін кезеңінде жазықсыз жандар атылған жерлерді ескеру де осы отырыста айтылды. Нысандар тізімі бұдан да кеңейеді деп сенемін-дейді Н.Назарбаев университетінің қазақ тілі және түркітану кафедрасының оқытушысы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің PhD докторанты Айдын Жүнісхан.

99b344e6-ecb5-456d-a59d-0bb70b2fc5ad

суретте Айдын Жүнісхан

Айдын Жүнісхан қасиетті орындарымызды бағаламасақ болашақта бағдарымыздан айырылып қаламыз деген пікірде. -Бұл орындар - біздің ұлтымызды біріктіріп тұрған факторлардың бірі. Әрбір нысан маңызды. Екінші мәселе - ол нысандар жайлы жалпы халыққа көбірек мәлімет беріп, ол орындарға барғандағы этиканы насихаттауымыз керек. Бұл бағытта үлкен жұмыстар жасалуы тиіс. Жергілікті халық ол нысандардың маңыздылығын түсінуі, тарихын, ел тарихындағы алатын орнын білуі аса маңызды, - дейді ол.

Нысандарды қалпына келтіруде елімізде кемшіліктер бар. Академиялық ғылыми негізі жасалады. Ал қалпына келтірілген нысандардың сынға ұшырайтын тұсы - оның материалында. Мысалы, бір тарихи нысанды қайта көтеру үшін ол нысанның бұрынғы кірпішінің құрамын анықтау керек. Тап сол ғасырдағы кірпіштің құрамымен құйылған кірпіштен қайта көтерілуі керек. Стилі де ескерілуі тиіс. Өкінішке орай заманауи материалдармен салынған нысанның тарихилығы төмендейді, халыққа бұрынғыдай әсер бермейді. Реставрацияда талап қатаң болса дейміз. Археологиялық қазбалар зерттеу жұмысының тек 30 пайызын алады. Қалғанын пәнаралық зерттеулер құрайды, сондықтан ол өте маңызды. Сүйектен алынған материалдар негізінде адамның қалай тамақтанғанын, сүйектерінің қажалуына қарай оның салт атты не жаяу өмір салтын ұстанғанын, еңбектің қай түрімен айналысқанын, соғысқа қатысуын анықтаймыз. Қазір еліміздің болашақ антрополог мамандары шетелде оқып жатыр. Бес-алты жылда Қазақстан археологиясы жаңа сатыға көтеріледі деген ойдамын,- дейді Айдын Жүнісхан.

75252c02-9d4b-4265-a69b-a3303a0c1f4e

-Археологиялық қазбадан табылған деректерді зерттейтін заманауи зертхана керек. Біздің елде табылған жәдігерлеріміз зертхана үшін шетелге жіберілуге мәжбүрміз. Тағы бір мәселе - тарихи орындарға қойылған ескерткіштерге ғылыми негізделген концепция жасалуы керек. Кейінгі ұрпақ бұл ескерткіштердің не үшін қойылғанын түсінуі тиіс. Әр өңірде тарихи ескерткіштер, белгілер ала-құла болмай, елімізде ортақ бекітілген талап жасалса деген ұсынысым бар.

Сондай-ақ қасиетті нысандарда шырақшы болса ішкі туризм дамиды. Бұл Маңғыстау өңірінде дамыған. Біздің өлкеде түнектер бар. Ал ол нысандарға барған туристке сол орындарды түсіндіретін адам басында болса келушілер көбірек болар еді, - деді БҚО тарих және археология орталығының меңгерушісі, ғалым-хатшы Жантас Набиоллаұлы. Ол археология саласы бойынша цифрландыру, жәдігерлердің 3D макетін жасауды қолға алғандарын айтты. Өткен ғасырдағы толтырылған метрике құжаттарын зерттеп, одан бұрын еш жерде кездеспеген деректер табылып жатқанын, тарихқа үлкен үлес болатынын әңгімеледі. Мұндай тарихи құжаттарды Ресейдің архивтерінен әкеліп, аударып жатқандарын, көрші облыстармен бірлесе жұмыстануға әзір екенін айтты.

Нұрлыбек Рахманов,

zhaikpress.kz

bfeec81a-2d90-4e61-9325-0cbf0db65920 4e8c78e5-e256-434c-b345-7968d807c2f5 109b81f9-d0e2-4145-a6f9-acb34e7ecb6b

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале