3.07.2022, 11:41
Оқылды: 113

Кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалады деген күдікпен журналист қамауға алынды

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агентік мәлім етті.

22222

Журналист-блогер Махамбет Әбжан кәсіпкерден 50 миллион теңге бопсалады деген күдікпен қамауға алынды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет БАҚ-та нұқсан келтіретін мәліметтер тарату қаупімен кәсіпкерден аса ірі көлемде ақша қаражатын бопсалаған азамат Махамбет Әбжанның қылмыстық әрекетінің жолын кесті, — делінген хабарламада.

Агенттік 3 шілдеде жүргізген арнайы операцияның нәтижесінде журналисттің 50 миллион теңге алғаннан кейін ұсталып, Нұр-Cұлтан қаласының уақытша ұстау орталығына қамауға алынғанын мәлім етті. Қазіргі кезде Махамбет Махамбет Әбжанның басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы туралы ақпарат тексеріліп жатыр.

Махамбет Абжан "Қаңтар оқиғасы" кезінде ол жоғалып, екі аптадан кейін табылған болатын.

ulysmedia.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале