Аудан чемпионаты өз мәресіне жетті
16 Қазан 2021

Аудан чемпионаты өз мәресіне жетті

1991 жылғы түлектер тарту жасады
15 Қазан 2021

1991 жылғы түлектер тарту жасады

Pfizer екпесі ревакцинация кезінде қолжетімді бола ма?
15 Қазан 2021

Pfizer екпесі ревакцинация кезінде қолжетімді бола ма?

Бәйтеректе футзалдан ашық турнир өтті
15 Қазан 2021

Бәйтеректе футзалдан ашық турнир өтті

Өнер фестивалі өтті
15 Қазан 2021

Өнер фестивалі өтті

Шыңғырлау ауданында жастарды қолдауға арналған кеңес отырысы өтті
15 Қазан 2021

Шыңғырлау ауданында жастарды қолдауға арналған кеңес отырысы өтті

4.09.2020, 14:29
Оқылды: 78
Кәсіпкерлікке қолдау көп  

 

Бүгіні таңда кәсіп ашып, еңбек етемін деп талпынған жанға мемлекет тарапынан қолдау қолдау көп. Тек өткен жылдың өзінде еліміздегі «Еңбек» бағдарламасы аясында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы облысқа 350 миллион теңге қаражат бөлініп, 37 жоба қаржыландырылған. Биыл да аталған қор кәсіп ашуға ниетті қала тұрғындарына пайыздық үстемесі төмен, жеңілдігі мол несие ұсынып отыр.

Aidanai (1)

Бірнеше жылдар бойы жұмыссыз жүрген Айданай Қыстаубаева жұмыспен қамту орталығына тіркеліп, өткен жылдың қараша айында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы жанында «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша оқу курсында білім алған. Оқу барысында кәсіпкерліктің қыр-сырын толық меңгеріп, өзінің бизнес жобасын жасақтаған жас кәсіпкер жақында өз жеке ісін ашты.

Aidanai (2)

– Қайтарымсыз несие алатын топқа енбейтін болған соң «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалы арқылы несие алуға құжат тапсырдым. Мақсатым – тұшпара, котлет, манта секілді жартылай дайын өнім өндіру болды. Көп ұзамай бизнес жобам мақұлданып, желтоқсан айында жеңілдетілген пайызбен 12 миллион теңге несие алдым. Жеке үйімнің ауласынан арнайы орын дайындап, қажетті құрал-жабдықтарға тапсырыс бердім. Әлемдегі күрделі жағдайға байланысты шет мемлекеттерден алынатын құрылғыларым кешігіңкіреп келді. Әзірге дайын өнімді өткізетін орындардың аздығына байланысты аптасына тек екі күн жұмыс жасаймыз. Өндіріс цехымызда жұбайым екеумізден басқа құрылғылардың тілін білетін тағы бір техник-маман қызмет етеді. Тұшпара шығаратын құрылғының орташа өнімділігі сағатына 80 келі. Оның сыртында 30 келіден астам орама мен котлетті қолмен жасаймыз. Табиғи таза өнім өндіруге қажетті ет, астық секілді шикізаттарды жергілікті сауда орындары мен базарлардан аламыз. Барлық өнім тек сапалы сиыр етінен дайындалады. Етті мол көлемде көтерме бағамен сатып алу үшін арнайы тоңазытқыштар алып жатырмыз. Сонымен қатар өнімімізді өткізу үшін қаладағы ірі сауда орындармен келіссөздер жүргізудеміз. Біз өз өнімдеріміздің тұрғындарға қолжетімді болғанын қалаймыз. Жоспарларымыз сәтті жүзеге асып жатса, алдағы уақытта кәсібіміздің аясын кеңейткіміз келеді, – дейді «Қыстаубаева» ЖК жетекшісі Айданай Есенжолқызы.

Aidanai (3)

Шағын кәсіпорын бүгінде жартылай дайын өнімнің 6-7 түрін өндіреді. Олардың әр келісінің орташа бағасы 2000-2400 теңге шамасында саудалануда.

– Биыл «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы арқылы біздің қорға 3 миллиард теңге қаражат қарастырылды. Оның 2,5 миллиард теңгесі аудандарға, 500 миллион теңгесі облыс орталығына бөлініп отыр. Орал қаласына қаралған қаражаттың кем дегенде 100 миллион теңгесін кәсіпкерлікті жаңадан бастаушы жандарға беруді жоспарлап отырмыз. Қалған сумма бұрыннан бизнеспен айналысатын, кәсібін кеңейтуді көздеген қала тұрғындарына ұсынылады. Аталған несие 6%-бен бес жылға, 16 миллион теңгеге дейін беріледі. Ал көпбалалы немесе аз қамтылған отбасыларға 4%-бен 6,5 жылға ұсынылады. Несие алғысы келетін адам алдымен жұмыспен қамту орталығына барып, несиеден үміткер ретінде тіркеліп, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы бизнес негіздемелері бойынша арнайы курстан өтуі керек. Сол жерде оқығандығы туралы сертификатын алып, бизнес жоспарын жасақтайды. Кейін жұмыспен қамту орталығынан жолдама алып, тиісті құжаттарын жинақтап, қорға өтінішін тапсыра алады. Біздің қорға түскен өтінім 15 жұмыс күні ішінде қаралып, шешім шығарылады. Осы ретте өз кәсібін ашқысы келетін облыс тұрғындарын берілген мүмкіндікті пайдаланып қалуға шақырамын, – дейді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Батыс Қазақстан филиалының директоры Ербұлан Түшкенов.

Нұрбек Оразаев,

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале