24.05.2021, 18:28
Оқылды: 120

Кәсіподақ төрайымы аумақта жүргізілетін әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар тізімін әзірлеуге қатысты

Бүгін облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Аталмыш кеңес отырысына Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев, кеңестің тұрақты мүшесі, Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығының төрайымы Айгүл Есекенова, өңірдегі ірі өндірістік кәсіпорындардың басшылары қатысты. Күн  тәртібінде Батыс Қазақстан облысы бойынша әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар тізбесі қаралды. Жиынға еліміздегі ең ірі шетелдік мұнай компанияларының бірі – «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В» компаниясының басшылығы қатысып, өз ұсыныс, жобаларымен бөлісті.

20B3ABC9-2E05-40A0-99A4-8C9BCF918006

Кездесу барысында Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығының төрайымы Айгүл Есекенова аталған мұнай компаниясының қаржыландыруымен жүргізілетін әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар тізімі бойынша сұрақтарын қойды. Соның ішінде қаншама жылдан бері құрылысты қажет етіп тұрған өңірдегі аэропорт жағдайы туралы мәселелі сұрақтар да болған еді. Кәсіподақ төрайымының сұрағы бойынша аэропорт құрылысының 2021 жылдың желтоқсан айында аяқталатындығы жөнінде ақпарат айтылды.

«Қоғамдық кеңесте қаралған әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар тізімі мақсат еткен нәтижеге жетсе, аумағымызда жаңа ауруханалар мен мектептердің бой көтеріп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына түрткі болмақ», - дейді кеңес мүшелері.

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале