30.07.2021, 18:55
Оқылды: 379

Кәсіподақ төрайымы «Еңбек жолы» байқауының комиссия мүшесі болды

Ағымдағы жылдың 30 шілде күні Батыс Қазақстан облысында «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздарын анықтау бойынша комиссия отырысы өткізілді. Аталмыш отырысқа, комиссия мүшесі, облыстық кәсіподақтар орталығының төрайымы Айгүл Есекенова қатысты.

9171430C-4B47-4F6B-91BF-8CDA6893238A

Еске сала кетейік, Елбасының Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясы аясында, Еңбек адамының беделін жоғарылату, еңбек өнімділігін ынталандыру, жұмыскерлер кәсіптерін насихаттау, жастарды өндіріс саласына тарту, көпжылдық еңбек әулеттері салтын сақтау мақсатында Елбасының Жарлығымен «Еңбек күні» бекітіліп, еңбек әулеттері мен өндіріс жұмыскерлері арасында өткізілетін «Еңбек жолы» республикалық байқауы белгіленген болатын. «Еңбек жолы» байқауының облыстық деңгейінің жеңімпаздарын анықтау және республикалық деңгейдегі байқауға үміткерлерді жолдау өңірлік «Еңбек жолы» конкурсы бойынша облыстық комиссияның құзырына кіреді.

Комиссия мүшелері байқауға қатысуға ниет білдірген қатысушыларды «Үздік еңбек әулеті», «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері», «Өндірістің үздік жас маманы» аталымдары бойынша қарады.

Кәсіподақтар орталығының жетекшісі қызметтік жиындарында, үйлестіру кеңесінің отырыстарында Еңбек адамының әлеуетін көтеріп, ел экономикасына өзіндік үлес қосқан қызметкерлердің еңбек жолдарын насихаттайтын жобаға белсенді қатысымдылық, кәсіподақ мүшелері үшін ақпараттық таралым жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырған болатын. Нәтижесінде «Еңбек жолы», «Парыз» байқауларына қатысуға ниетті, құжаттарын жинап, белсенді ұйымдаса білген кәсіподақ мүшелері мен кәсіпорындар аз емес.

Аталған байқаудың қорытындысы мен жеңімпаздарын марапаттау шарасы 2021 жылдың қазан айында өтетін болады.

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале