17.05.2021, 15:58
Оқылды: 158

Кәсіподақтар жанынан тегін құқықтық кеңестер беретін Заң клиникасы ашылмақ

17 мамыр күні «Одақтар үйі» ғимаратында Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығының ұйымдастырумен салалық кәсіподақ ұйымдары төрағаларының қатысуымен қызметтік жиналыс өткізілді. Облыстық кәсіподақтар орталығының төрайымы Айгүл Оразқызының жетекшілігімен күн тәртібінде өңірлік филиалдан ашылатын Заң клиникасы штабының жұмысы туралы талқылаулар жүргізілді. Сондай-ақ аталмыш жиынға салалық кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен қатар, кәсіподақ заңгерлері де қатысқан болатын.

9AAA4072-E029-4DE2-AD1B-4066B935ED1E

Кәсіподақтар орталығының төрайымы, кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері бұған дейін де еңбек қатынастарындағы мәселелер – еңбек адамының құқықтық сауаттылығына тікелей қатысты екендігін айтып келген еді. Ендігі жерде кәсіподақтар орталығы жанынан кәсіподақ мүшелері, жұмыс күші үшін тегін заңгерлік кеңестер, медиациялық рәсімдер, құжаттар толтырудағы біліктіліктерді үйретіп, қызмет көрсететін Заң клиникасы жұмыс жасайтын болады. Бұл туралы кәсіподақ төрайымы өз сөзінде мәлімдеді. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясынан бастау алған жоба Павлодар, Шымкент секілді т.б аймақтарда жұмысын бастап, өзінің оң нәтижелерін көрсетуде. Дәл қазіргі уақытта, Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығында аталмыш штабтың жұмыс алгоритмдері әзірленуде.

Сонымен қатар күн тәртібінде салалық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы ақпараттық-медиа белсенділіктерді көтеру және орталықтандыру ұстанымдары туралы айтылды.

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале