Әлеуметтік желілерде теңізде жүрген қолтырауынның видео тарап жатыр. Желі қолданушылары бұл видео Каспий жағалауында түсірілген деп болжаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: видеодан скрин
Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғаббас Досатов ақпарат жалған екеніне сендірді.
"Видео Каспий теңізінде түсірілуі мүмкін емес. Өйткені қолтырауын тұщы суда өмір сүреді. Ол ауа райы жылы болатын Африка сияқты тропикалық және субтропикалық аймақтарда тіршілік етеді. Қолтырауындар біздің климатқа бейімделе алмайды. Сондықтан видеоны мұқият сараптағаннан кейін ақпарат жалған екеніне көз жеткіздік", - деді Ғаббас Досатов.