Ақорданың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтады.

Фото: aqorda_resmi
Президент өз үндеуінде бұл күн мыңжылдықтардан тамыр тартатын қазақ мемлекеттілігінің қайта жаңғыруын айшықтайтын қастерлі мереке екенін атап өтті. Қазақстан Тәуелсіздіктің 35 жылдық межесіне экономикасы қуатты, күллі әлем құрметтейтін орта держава ретінде жеткенін жеткізді. Сонымен қатар жасанды интеллектті дамыту, заманауи өндіріс орындарын ашу, сондай-ақ қоғамда «Заң мен Тәртіп», «Тазалық пен Қоршаған ортаға қамқорлық», «Бірлік пен Келісім» құндылықтарын орнықтыру маңыздылығына тоқталды.
Мемлекет басшысы еліміздің Әділетті, Қауіпсіз, Озық әрі Таза Қазақстанды құрып жатқанын айрықша атап өтті.