ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхайға жұмыс сапарымен барды.

Фото: aqorda_resmi
Сапар аясында ертең Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Төрағасымен екіжақты келіссөздер жүргізеді, сондай-ақ Қытайдың жетекші компанияларының басшыларымен дөңгелек үстел жиынына қатысады.
Бұдан бөлек, 17 шілде күні Президент Шанхайда өтетін «Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы серіктестік» тақырыбындағы Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының (WAIC) жұмысына қатысады деп жоспарлануда.