Аудан чемпионаты өз мәресіне жетті
16 Қазан 2021

Аудан чемпионаты өз мәресіне жетті

1991 жылғы түлектер тарту жасады
15 Қазан 2021

1991 жылғы түлектер тарту жасады

Pfizer екпесі ревакцинация кезінде қолжетімді бола ма?
15 Қазан 2021

Pfizer екпесі ревакцинация кезінде қолжетімді бола ма?

Бәйтеректе футзалдан ашық турнир өтті
15 Қазан 2021

Бәйтеректе футзалдан ашық турнир өтті

Өнер фестивалі өтті
15 Қазан 2021

Өнер фестивалі өтті

Шыңғырлау ауданында жастарды қолдауға арналған кеңес отырысы өтті
15 Қазан 2021

Шыңғырлау ауданында жастарды қолдауға арналған кеңес отырысы өтті

25.09.2021, 10:56
Оқылды: 156
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Шаруалар өз өнімдерін егін басынан сатуға мәжбүр»

Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік бағасы мәселесін көтеріп, өндіруші мен тұтынушы арасындағы делдалдарды азайтуды тапсырды.

0814D44C-3072-4261-9183-7BD8C3E8B057

Кеңесте бұл мәселе бойынша Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов баяндама жасады.

Президент елде өндіріс бар болғанымен, оны ұйымдастыру, алынған өнімді сақтау және өткізу жүйесі дұрыс жолға қойылмағанын атады. Оның дәлелі ретінде биыл азық-түлік бағасының құбылуы бекітілген межеден алшақтап кеткенін атады.

- Шұғыл шаралар, бағаға қойылған бақылау нарықтық экономиканың іргелі қағидаттарын алмастыра алмайтыны белгілі. Жүйелі шаралар керек. Сондықтан ұлттық тауар өткізу жүйесін қалыптастыру аталған жұмыстың маңызды құраушы бөлігі болып табылады. Көтерме-тарату орталықтары және оларды стандарттау, тауардың тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстары өндірушілердің, соның ішінде шағын бизнес өкілдері кооперациясының маңызды элементтерінің бірі болуы тиіс,- деген Мемлекет басшысы бағаны реттеу шаралары ауылдағы жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын адамдарға кесірін тигізбеуі керектігін ескертті.

- Бүгінде мұндай кәсіп иелерін экономикалық айналымға тарту жұмыстары мардымсыз жүргізілуде. Сонымен қатар олар өз өнімдерін егін басынан сатуға мәжбүр болып отыр. Көтерме-тарату орталықтарының тағы бір міндеті – «егіс басынан сөреге» дейінгі жолдағы қажетсіз делдалдарды жою. Халық үшін азық-түліктің қолжетімді бағада болуын іс жүзінде ретке келтіру қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Дереккөз: inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале