1.09.2022, 11:03
Оқылды: 74

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз»

Дәл қазір Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялауда.

11

Фото: stan.kz

- Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс.
Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз, - деді мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керектігін атап өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале