1.09.2022, 11:16
Оқылды: 2

Қасым-Жомарт Тоқаев: "Жоғарғы Сот судьяларын да сайлау арқылы таңдау тәсілін енгізген жөн"

Бұл туралы жаңа Президент өз Жолдауында атап өтті.

12

Фото: egemen.kz

Әділетті Қазақстан құру мәселелері туралы айта келе Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:
«Қоғамда заң үстемдігі берік орнығып, сот төрелігі әділ атқарылуы қажет. Осыған орай, қазылар қауымын шұғыл түрде қайта іріктеп, жаңартып жасақтау керек. Көптеген сот төрағасы лауазымы судья лауазымы болып өзгереді. Сот төрағасы және Сот алқасының төрағасы лауазымына үміткерді судьялар өздері сайлайтын тәсіл енгізуді ұсынамын. Жоғарғы Сот судьяларын да сайлау арқылы таңдау тәсілін енгізген жөн. Ол үшін Президент үміткерлерді баламалы негізде Сенатқа ұсынуы керек. Аталған салаға мықты заңгерлерді тарту үшін материалдық жағдай жасау қажет»- атап өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале