15.11.2026, 17:30
Оқылды: 38

Қатерлі ісікке қарсы отандық дәрі нарыққа қашан шығады

Алғашқы қатерлі ісікке қарсы отандық дәрі 2027 жылдың ортасында Қазақстан нарығына шығарылмақ, деп хабарлайды qazaqparat_kz. 

IMG_20261115_011225_380

Фото: QazAqparat_kz

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті.

Оның айтуынша, дәріні әзірлеу процесінің кешігуі клиникалық сынақтарды жүргізуге қойылатын қатаң талаптарға байланысты.

Қазіргі кезде сынақтардың бірінші кезеңі сәтті аяқталды. Ғалымдар сынақтың екінші кезеңіне кірісіп жатыр.

— Келесі жылдың ортасына қарай әзірлеу жұмыстарын аяқтап, дәріні нарыққа біртіндеп шығара бастауды жоспарлап отырмыз, — деді Саясат Нұрбек.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале