21.12.2021, 16:20
Оқылды: 73

Қатты аязда кімдерге далада жүруге болмайды? Дәрігер жауабы

Қатты аяз созылмалы респираторлық аурулары бар адамдар үшін аса қауіпті, бірақ тіпті сау адамдарда да аязда жағымсыз реакция болуы мүмкін. Бұл туралы Мәскеу денсаулық сақтау департаментінің тұрғындарға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша штаттан тыс бас маманы Андрей Тяжельников айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

30

"Қатты аяз әсіресе созылмалы респираторлық ауруы бар адамдар үшін қауіпті. Оларда ентігу, жөтел және басқа да аурулары өршіп кетуі мүмкін", - деді Тяжельников.

Оның айтуынша, тіпті сау адамдар да аязды ауаға жағымсыз реакция тудыруы мүмкін.

"Олардың тыныс алуы қиындап, құрысып қалуы мүмкін. Сондықтан міндетті түрде бетіңізді орамалмен жауып, суық тиюді азайтуға тырысу керек", - деп қосты дәрігер.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале