15.02.2024, 12:15
Оқылды: 22

Әлихан Бөкейханов – «Қазақ» газетін шығаруға атсалысқан ағартушы

Әлихан Бөкейхановты білмейтін қазақ жоқ. Десе де оның ағартушылық саласындағы еңбегі бір төбе.

226FEBDA-75FC-4B66-A414-8B3BF1030E8F

Фото: Wikipedia

Алғаш 1905 жылы Семей облысынан І-ші Мемлекеттік Думасына депутат болып сайланған Әлихан Бөкейханов бірден ағартушылық саласына белсене кіріседі.

Ол 1905-1907 жылдары кадет партиясының Омбы губерниялық комитетінің мүшесі бола жүріп, бір мезілде «Ертіс» (Иртыш), «Омбылық» (Омич), «Дала үні» (Голос степи) газеттеріне редакторлық етеді.

Аталған газеттерде сол кездегі қоғамдық-саяси жағдай, мемлекеттік басқарудағы парламентаризм, жер мәселесі, земство мәселесі, дін мәселесі, т.б. жарияланып отырады.

Ал 1913 жылдың көктемінде А.Байтұрсынов және М.Дулатовпен бірге «Қазақ» газетін шығаруға кіріседі. Газет беттерінде Әлихан Бөкейхановтың оқу-ағарту саласы, ұлттық автономия, ұлттық сана-сезім т.б. туралы құнды пікірлері жарияланып тұрды.

Әлихан Бөкейханов жазған «Қазіргі мемлекеттегі ұлттық қозғалыс түрлері» жинағы және «Жаңа энциклопедиялық сөздік» атты ғылыми-публистикалық шығармалары ғалымның шығармашылықтағы ізденістері еді.

Қорыта айтқанда, Ә.Бөкейхановтың шығармашылық жазбалары енді ғана ғалымдар тарапынан іздестіріліп жатқан аса құнды еңбектер қатарында.

Зұлқожа Шарафутдинов

zhaikpress.kz

(«Алаш қозғалысы», Энциклопедиялық анықтамалық, А, 2014 ж)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале