12.04.2022, 18:00
Оқылды: 119

Қазақстан ғалымдары COVID-19-ға қарсы тірі вакцинаның клиникаға дейінгі сынағын аяқтайды

Қазақстан ғалымдары әлемдегі COVID-19-ға қарсы алғашқы тірі вакцинаның клиникаға дейінгі сынағын өткізуді аяқтауға жақын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

211213074120a3873574d

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья айтты.

«2020 жылы COVID-19-ға қарсы QazCovid-in (саудалық атауы QazVac) инактивтелген вакцинасы және QazCoVac-P қарсы суббірлікті вакцинасы әзірленіп, клиникалық зерттеулерден өтті. 2021 жылы COVID-19 қарсы каприпоксвирус негізіндегі және тұмау вирусына негізделген векторлық вакциналар жасалды. Екеуі де клиникаға дейінгі сынақтардан өтті. Содан соң әлемдегі COVID-19-ға қарсы алғашқы тірі вакцинасы жасалды. Ол клиникаға дейінгі сынақтардың аяқталу кезеңінде», - деді ол.

Сонымен қатар мекеменің бас директоры соңғы жылдардағы негізгі ғылыми жетістіктеріне тоқталды.

«2018 жылы шетелдік баламалардан үш есе арзан бағамен нодулярлық дерматитке қарсы вакцина әзірленді. Республикалық бюджеттің 6 млрд теңге қаржысы үнемделді. 2019 жылы бруцеллезге қарсы жаңа векторлық вакцина жасалды. 2020 жылы түйе шешегіне қарсы вакцина әзірленіп, Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырысы бойынша өндірілді. Вакцина аурудың таралуына жол бермеді», - деді Күнсұлу Закарья.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале