13.01.2022, 10:20
Оқылды: 40

Қазақстан мен Ресей аусыл ауруына байланысты мал мен оның өнімдерінің тасымалына шектеу қойды

Қазақстан мен Ресей аусылға сезімтал жануарлар мен олардан алынатын өнімдер мен шикізатты тасымалдауға уақытша шектеу қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

211104155414a3857829d

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ресей Федерациясы Орынбор облысының Беляев ауданында аусыл ауруының тіркелуінің нәтижесіне орай 31 желоқсан 2021 жылы ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті аусылға сезімтал жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты Қазақстан Республикасына әкелуге және Орынбор облысынан транзитке уақытша шектеулер енгізгенін хабарлайды.

Сонымен бірге, Ресей Федерациясының ветеринарлық және фитосанитарлық қадағалау жөніндегі федералдық қызметі 2022 жылғы 12 қаңтардан бастап сақтық қағидатына байланысты Қазақстан Республикасының аумағынан термиялық өңдеуден өткен тауарларды қоспағанда, аусылға сезімтал тірі жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдерді, шикізатты және азықтарды Ресей Федерациясына әкелуге уақытша шектеулер енгізді.

Ресей Федерациясында тіркелген аусыл ошағының мемлекеттік шекараға тікелей жақындығын ескере отырып, министрлік шекара маңындағы аумақта эпизоотиялық мониторинг жүргізу үшін жұмыс тобын құрды. Өңірлердегі жұмыс тобы ветеринария бойынша ұлттық референттік орталықта кейінгі зертханалық зерттеулер үшін сынамалар іріктеуді жүргізеді. ҚР Ветеринариялық қызметі жүргізген жұмыстың қорытындысы мен нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале